«Бекет қағаз жүзінде ғана бар»: СҚО-да тұрғынның үйі өртеніп кетті

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғынның үйі толығымен жанып кетті. Бір ай бұрын ғана ауылда салтанатты түрде ашылған өрт сөндіру бекеті бұл жағдайға көмектесе алмаған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оқиға Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылында болған. Өрт туралы хабар түскенде, құтқарушылар шақыртуға облыс орталығынан аттанған.

Өрт сөндіру тобы 45 шақырым қашықтықты шамамен бір сағатта жүріп өткен. Алайда олар оқиға орнына жеткенде, тұрғын үйден ештеңе қалмаған еді.

Қоғам белсенділері жаңадан құрылған өрт сөндіру құрылымының іс жүзінде жұмыс істемейтінін айтып дабыл қағуда. Олардың пікірінше, бұл бекет «тек қағаз жүзінде ғана бар» болып шыққан.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика