«Ұзағынан сүйіндірсін»: Блогер Елдос Колобок келіншегін қуантты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал блогер Елдос Колобок жұбайының туған күніне орай жүрекке жылы тиетін әсерлі тілегін айтып, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Ол жарына арнаған құттықтауында отбасылық құндылықтарды басты орынға қойып, шынайы сезімін бүкпесіз жеткізді.

«Бала-шағамыздың қызығын бірге көрейік», – деді блогер.

Туған күн кеші жайлы да шат көңіл күйде өтті. Жақын достары мен туыстары жиналып, қуанышты сәттердің куәсі болды. Әзіл-қалжың мен ақжарма тілектерге толы бұл мереке әлеуметтік желіде де кеңінен талқыланды.

Желі қолданушылары жас отбасыға ізгі ниеттерін білдіріп жатыр. Пікірлер арасында:

«Жыл сайын шаңырақтарыңызда сәбилердің күлкісі көбейе берсін», «Бақыт пен береке серік болсын», «Ұзағынан сүйіндірсін», «Осындай шынайы тілекті әр ата-ана айту бақытына ие болсын» деген жылы лебіздер көп.

Көпшілік блогердің бұл сөзін жасандылықтан ада, нағыз отбасылық бақыттың көрінісі деп бағалады. Қарапайым болғанымен, терең мағынаға толы тілектің оқырман жүрегіне жол тапқаны анық.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика