Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

Түркияда үйінді астында қалған екі адам он күннен кейін аман табылды

Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен он күннен астам уақыт өткенде құлаған үйдің астында қалған екі адам аман-есен табылды, деп хабарлайды Qazaq.today Arbat.media-ға сілтеме беріп. 

Anadolu ақпарат агентігінің жазуынша, зілзала кезінде екі адам үйінді астында қалған. 26 жастағы Мехмет Әли Шакироғлу мен 34 жастағы Мұстафа Авчи апаттан кейін тура 261 сағат өткенде Антакия қаласы құлаған үйдің астынан шығарылды.

Құтқару тобы Антакиядағы Одабаши ауданындағы үйінділерді тазалау кезінде құлаған үйдің тақталары арасында қысылып қалған екі азаматты тауып алды. Жер астынан шыққан екі адамды бірден аурухана жеткізіп, тиісті ем-дом шаралары көрсетілген.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік шығыс аумағында күшті зілзала болып, отыз мыңнан астам қайтыс болғаны анықталды. Сондай-ақ жүз мыңға жуық жарақат алған. Апаттан кейін елде бір апта бойы аза тұту жарияланды. Сонымен бірге, әлемнің алпыстан астам елінен құтқарушылар келіп, құлаған үйінділер астында қалған тұрғындарды сыртқа шығару жұмыстарына көмектесті. Бұл ретте елімізден Түркияға құтқарушылар тобы екі лекпен аттанып, іздестіру-құтқару жұмыстарына атсалыстып жатыр.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика