Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Құбыр тартудың қиындығы: Қарағанды облысында тұрғындар батбаққа батып отыр • «Жеңілістен кейінгі көз жас…»: Бибісара Асаубаеваның анасы қызының жарысын көрме алмайтынын айтты (ВИДЕО) • Ақерке Арыс: Мереке Қалбаеваның киносын сынағандар оны көрмеген • Маскүнемнің мисыздығы: Қызылордада 2 қызды қорғаған жігіттің өзі пышақталды (ВИДЕО) • Тоқаев: NVIDIA-мен ынтымақтастық жасанды интеллектті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады • Алтынмен көмкеріп, ипотекасын да төлеген: ақтөбелік келіншекке үйленбек болған қытайлық жігіт 30 миллион теңгесінен айырылды • Құбыр тартудың қиындығы: Қарағанды облысында тұрғындар батбаққа батып отыр • «Жеңілістен кейінгі көз жас…»: Бибісара Асаубаеваның анасы қызының жарысын көрме алмайтынын айтты (ВИДЕО) • Ақерке Арыс: Мереке Қалбаеваның киносын сынағандар оны көрмеген • Маскүнемнің мисыздығы: Қызылордада 2 қызды қорғаған жігіттің өзі пышақталды (ВИДЕО) • Тоқаев: NVIDIA-мен ынтымақтастық жасанды интеллектті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады • Алтынмен көмкеріп, ипотекасын да төлеген: ақтөбелік келіншекке үйленбек болған қытайлық жігіт 30 миллион теңгесінен айырылды •

    Ауғанстандықтар Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропаға заңсыз өтпек болған

    Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарының Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі.

    16 наурызда лауазымды азаматқа 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру әрекеті кезінде Ауғанстанның 4 азаматы ұсталды. Тергеу материалдарына сәйкес, бұл қаражат шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға арналған.

    «Қылмыстық кодекстің 394-бабы 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген хабарламада.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →