Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қазақмыс» Нұрқазғандағы жұмыскерлерге арналған жаңа кешеннің іргетасына естелік капсула салды Елімізде темекі бағасы қымбаттауы мүмкін Бурабайда квадроциклмен аударылған бойжеткен қайтыс болды «Сағыныштан жаралғандаймын»: Роза Әлқожа ішіндегін ақтарды «Қазақмыс» экологиялық жаңғыртуға 829,6 млрд теңге инвестиция салады Құтқару жұмысы баяу: Венесуэла билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар санынан жаңылды «Қазақмыс» Нұрқазғандағы жұмыскерлерге арналған жаңа кешеннің іргетасына естелік капсула салды Елімізде темекі бағасы қымбаттауы мүмкін Бурабайда квадроциклмен аударылған бойжеткен қайтыс болды «Сағыныштан жаралғандаймын»: Роза Әлқожа ішіндегін ақтарды «Қазақмыс» экологиялық жаңғыртуға 829,6 млрд теңге инвестиция салады Құтқару жұмысы баяу: Венесуэла билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар санынан жаңылды

Алматы облысында ассамблея жастарының I республикалық слеті басталды

Алматы облысында «Жаңа Қазақстан: тарих бірлігі, дәстүрлер мен мүмкіндіктер» ассамблея жастарының I республикалық слеті өтеді. Аталмыш шара республиканың түкпір-түкпіріндегі «Ассамблея жастарының» басын қосады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы.

Айта кетейік, Алматы облысында 250 мыңнан астам жастар бар, олардың тек мыңы ғана «Ассамблея жастары» қатарында.

«Іс — шараның басты ерекшелігі- қатысушы жастарға Алматы облысының тарихи көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік берілуінде. Біздің шараның Алматы қаласында орналасқан қазақ халқының кемеңгер тұлғаларының бірі, көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық мұражайынан басталуының символдық мәні бар. Менің ойымша, осы бірнеше күн ішінде біздің жастар ортақ тарихымыздың жаңа беттерін ашып, республикамыздың киелі жерлерімен таныса алады», — деп атап өтті «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев.

Жастар слеті Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен 22 шілдеге дейін өтеді. Жобаға қатысушылар «Ассамблея жастары» ұйымын дамыту үшін өз идеяларын ортаға салып, талқылайды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика