Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстандық боксшы Дастан Бекенге гонорарын беруден бас тартты • Қазақстандықтарға Республика күніне орай 50%-ға дейін жеңілдік жасалады • Солтүстік Қазақстан облысында екі орман өрті сөндірілді • Тоқаев Пешавардағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Астанада 18–21 қазанда ауа райы: +15 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады • Астанада бұрынғы вице-министр Сәтжан Аблалиевтің соты 27 қазанда басталады • Өзбекстандық боксшы Дастан Бекенге гонорарын беруден бас тартты • Қазақстандықтарға Республика күніне орай 50%-ға дейін жеңілдік жасалады • Солтүстік Қазақстан облысында екі орман өрті сөндірілді • Тоқаев Пешавардағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Астанада 18–21 қазанда ауа райы: +15 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады • Астанада бұрынғы вице-министр Сәтжан Аблалиевтің соты 27 қазанда басталады •

    «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі музыка теориясынан дәріс берген»: Ақтөбедегі университетте заңбұзушылықтар анықталды

    Оқу орны профилактикалық бақылау парағындағы 46 тармақтың 32-сі бойынша талаптарды бұзған. Ақтөбедегі Қазақ-Орыс халықаралық университетінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Оқу орны профилактикалық бақылау парағындағы 46 тармақтың 32-сі бойынша талаптарды бұзған. Мәселен, студенттерге лекцияны біліктілік талаптарына сай келмейтін оқытушылар оқиды. Мәселен, «Әуе көлігін пайдалану» мамандығы бойынша базалық білімі бар мұғалім «Мектепке дейінгі тәрбиедегі инновациялық технологиялар» және «Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәндерінен сабақ береді. Ал, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесін оқытады.

    «Сондай-ақ, профилактикалық бақылау барысында кейінгі 5 жылда бірде-бір ғылыми мақала жазбаған оқытушылар магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік ететіні анықталды», — дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова.

    Министрліктің мәліметінше, студенттер мен оқытушылар туралы нақты деректер ҰБДҚ мәліметтеріне сәйкес келмейді. Деректер базасында 335 оқушы мен көптеген мұғалім туралы ақпарат жоқ. Онымен қоса, университет студенттердің оқу жүктемесі мен оларды қорытынды аттестациядан өткізу талаптарын сақтамайды. Бакалавриат және магистратура студенттері академиялық кредиттерді толық көлемде игермеген. Университет оқу кабинеттерімен және зертханалық базамен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Кейбір кабинеттер санитарлық талаптарға сай келмейді. Ведомство студенттердің білім нәтижесі де көңіл көншітпейтінін айтады, 96%-ы шекті деңгейден өте алмаған.

    «Университетке барлық анықталған заңбұзушылықты жоюға уақыт берілді. Алайда, оқу орның орнына, тексеру нәтижесіне шағымданумен уақыт өткізіп жатыр. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен комитеттің барлық әкімшілік актісі заңды деп танылды, ал университеттің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды», — делінген министрлік мәлімдемесінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →