Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия королевасы Матильда Астанада қазақстандық зергердің гауһар сырғасын тақты • Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Бельгия королевасы Матильда Астанада қазақстандық зергердің гауһар сырғасын тақты • Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды •

    Бүгіннен бастап елімізде жеңілдетілген автонесие беріледі

    Бүгіннен бастап қазақстандық банктер жеңілдетілген автонесие беруді бастады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy-қа сілтеме жасап. 

    Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені және Қазақстан өңірлеріндегі автобус паркін жаңартуға 30 млрд теңгені құрайды.

     

    Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, халыққа автокөлікті несиелендіру келесі шарттармен жүзеге асырылады:

    — сыйақы мөлшерлемесі 4%;

    — несие сомасы 10 000 000 теңгеден аспауы керек;

    — қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

    — бастапқы жарна 0%-дан бастап;

    — көлік құны 15 000 000 теңгеден аспайды.

    Несие беруді Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын болады.

    Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ЕДБ-де түпкілікті қарыз алушыға қаржыландыруды ұсыну мерзімдерінің сақталуын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі болуы шарт.

    Сондай-ақ бір түпкілікті қарыз алушыны екі жылда бір реттен жиі емес қаржыландыру түріндегі шектеулер бар.

    «Бағдарламаға отандық автокөліктерді сататын барлық автосалон қатысады. Сондықтарн JAC, Chevrolet, KIA, LADA, UAZ, MAN, Renault, Hyundai көліктерін сатып алуға болады», — делінген ИИДМ хабарламасында.

    Лизинг алушылар үшін автобустарды сатып алу шарттары төмендегідей болады:

    — сыйақы мөлшерлемесі 0,01%;

    — лизинг мерзімі 7 жылға дейін

    — бастапқы жарна 0% бастап;

    Жеңілдетілген автонесие түріндегі қолдаудан басқа, мемлекет жеңілдік сертификаттарының қолданылу мерзімі мәселелерін шешу шараларын пысықтауда. Бүгінгі таңда ӨКМ операторының функциялары «Жасыл даму» АҚ-на беруіне байланысты осыған дейін пайдалана алмаған жеңілдік сертификаттарын пайдалануға мүмкіндік беретін тетіктер зерделенуде. Бұл сертификаттарды пайдалану жүргізіліп жатқан тексеру әрекеттеріне байланысты уақытша тоқтатылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →