Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов боксшы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді Мұнай бағасы төртінші күн қатарынан қымбаттап жатыр «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды Қуат Хамитов боксшы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді Мұнай бағасы төртінші күн қатарынан қымбаттап жатыр «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды

    Павлодар облысында мұғалім оқушыны тұншықтырған 

    Павлодар облысында ауыл мұғалімі оқушыны көпшіліктің көзінше тұншықтырып, ұрған. Оқушыға дөрекілік танытқан ұстаз үшін директорда жазаланды, деп хабарлайды  Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Павлодарлық пабликтердің бірінде Тереңкөл ауданының Береговое ауылындағы мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін мұғалімге шағым айтылған. Шағымда 13 мамырда педагог Мәди Дәулетпаев оқушылардың көзінше басқа бір «оқушыны ұрып, итеріп және тұншықтыратын әдіс қолданғаны» жазылған. Сегізінші сынып оқушысының «тыныс алу реті бұзылып, тәрбие жөніндегі оқу меңгерушісі оны үйіне жеткізген».

    Тереңкөл аудандық білім бөлімі осы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

    «13 мамырда спорт ойындарын жүргізу кезінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мәди Дәулетпаев ойын ережесін сақтамағаны үшін сегізінші сынып оқушысына ескерту жасаған. Оқушы ескертуге дөрекі жауап қатып, мұғалімді қолынан ұрып жіберген. М.Дәулетпаев оқушыны мойын тұсынан ұстап, өзіне қарай тартқан», — делінген хабарламада.

    Мектеп әкімшілігі оқушымен сұхбат жүргізілгенін хабарлады. Ата-ана мұғалімге ешқандай шағым түсірмеді. Дегенмен, мектептегі әдеп кеңесі мұғалімнің іс-әрекетін қарап, оған қатаң сөгіс жариялады. Ал мектеп директоры К.Ибраева білім бөлімінен қатаң сөгіс алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →