Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады •

    Алматы облысында қожайын жұмысшысын көлікпен соғып, 9 қабырғасын сындырған

    Алматы облысында қожалық иесі өзінің мал бағатын жұмысшысын соғып, 9 қабырғасын сындырған. Қазір малшы ауруханада жатыр, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 мамыр күні ауруханаға ауыр дене жарақатымен 44 жастағы ер адамның түскені жөнінде хабарлама келген.

    Тергеу барысында азаматты қожайыны соққан. Ал таяқ жеген жігіт отбасымен бірге оның малын баққан. Жұрттың ашуын тудырған оқиға Ақсу ауданында болған.

    «Қазір күдікті ұсталды. Ол — Талдықорғанның 43 жастағы тұрғыны. Оның көлігі де тәркіленді. Медициналық тексеру кезінде күдіктінің жеңіл түрде ішімдік ішкені анықталды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 106 бабы, яғни қасақана денсаулыққа зиян келтіру бойынша қозғалған қылмыстық іс ҚК 24 бабы 3 тармағы және 99 бабының  2 тармағы бойынша қайта сараланды, яғни адам өлтіруге оқталу деген ауыр айып тағылды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Малшы екі кішкентай кәмелетке толмаған баласын және әйелін алып, қожалықтан кетпекші болған. Жұмысшысының кетуіне қарсы болған фермер оларды иен далада қуып жетіп, көлікпен қаққан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →