Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр •

    Талдықорғанда оқушымен жанжалдасқан мұғалім жұмыстан кетті (видео)

    Талдықорған қаласында оқушыдан балағат сөз естіген мұғалім жұмыстан шығып кетті. Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы мектептердің бірінде мұғалім мен оқушының жанжалдасып жатқан видеосы тарап жатыр.  Ұстаз бен шәкірттің арасындағы төбелес №6 орта мектепте орын алған. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мен сегізінші сынып оқушысының  арасында орын алған жанжалдың себебі белгісіз.

     

    Видеода оқушы қыз мұғалімін балағаттап жатқаны естіледі. Ашулы екеу өзге оқушылардың көзінше бірін бірі жұлқи бастайды. Алматы облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді. Оқиға 11 сәуірде орын алған.

    «Осы оқиғадан кейін мектепте әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы шақырылған. Кеңес барысында тараптар татуласты, бір-біріне талап-арызы жоқ. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатылды. Айта кету керек жайт, ол өтінішінде 2022 жылдың ақпанынан бері денсаулығы нашарлағанын жазған», — деді басқарманың өкілі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →