Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды

    Атырауда брондалған әскери машинаны сатып жібермек болған тұрғын ұсталды 

    Атырауда 35 жастағы жігіт әскери бронд машинаны (БРДМ-2) сатып жібермек болды. Соғыс жағдайында қолданатын машина барлау-шолғыншылық мақсатқа пайдаланылады. 1986 жылғы жігітке тиесілі әскери көлік қаладағы авотұрақтардың бірінде тұрған, деп хабарлайды Qazaq.Totay ақпараттық агенттігі.

    Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.  Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

     

    «Соғыс техникасының сатылатынын Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс — шараларын жүргізу барысында 1986 ж.т. азаматқа тиесілі аталған әскери машина табылып, тәркіленді. Полиция департаменті атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  25 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын жүргізіп келеді.  Мемлекет, азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеген», — деді Атырау облыстық ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

    Соғыс машинасын жігіттің қалайша меншіктеп алғаны анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →