Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды •

    Алматыда аудандық соттың лауазымды қызметкері ұсталды

    Алматыда Әуезов аудандық сотының қызметкері ұсталды. Ол пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Олар өздерінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында сот қызметкерінің осыдан екі күн бұрын тұтқындалғанын жазған.

    «Осы жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жоғары соттың ішкі қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының сотының қызметкерін ұстады. Мемлекеттік қызметкер пара алды деген күдікке ілінді», — делінген хабарламада.

    Сонымен қатар қалалық сот қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын атап өтті.

    «Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды», — деп қосты соттың баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →