Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді •

    Алматыға шаңғы тебуге келген франциялық қар көшкініне басылып мерт болды

    Алматы тауларында франция азаматтарын қар көшкіні басып қалды. Оқыс оқиғаның кесіріннен туристердің екеуі түрлі дене жарақаттарын алса, тағы бір турист қаза болды, деп хабарлайды  Qazaq.Today ақпараттық агенттігі. Түристер Тұйықсу шатқалы арқылы «Молодежный» шыңына көтеріліп кеткен. Тау бөктеріндегі жолсыз жерлермен шаңғы тепкен туристер көшкіннің жүруіне өздері себепкер болған. Оларды іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 31 адам барды.

    «ҚР ТЖМ Республикалық  құтқару жасағы, 109 құтқару қызметінің Алматы қаласы ТЖД, «Қазселденқорғау», Апаттық медицина орталағы қызметкерлері, сондай ақ  8 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп, 1 Құтқару қызметінің тікұшағы, 1 дрон жұмылдырылды», -деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

    Туристер 3600 метр биіктікке шығып кеткен. Тау баурайында 35 мың текше метр қар көшкіні жүрген. ТЖД бастығының орынбасары, полковник Ерлан Әлібековтың сөзінше,  6 адам қыратты беткейде сырғанап, көшкіннің түсуіне себеп болған. Көшкінге тап болған туристердің иығы мен жамбасы сынып кеткен.

     

    «Оқиға орнында жалпы алты адам болған, олардың бесеуі Франция азаматтары. Зардап шеккен бір франциялық  құтқарылды, тағы бір адам көшкіннің астында мерт болды.  ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары — кинологтар   «Чарли» итімен өмір белгілері жоқ екінші адамды тапты. Құтқару қызметінің тікұшағымен  мәйіт «Медеуге»дейін жеткізілді», -деді Ерлан Әлібеков.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →