Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі •

    Қостанай облысында ішкі саясат бөлімінің бастығы қыз зорлаған

    Қостанай облысында мемлекеттік лауазымды шенеунік кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған. Полицияға Лисаков қаласының тұрғыны шағымданған. Әйелдің арызында, кәмелетке толмаған қызын әкімдіктің бөлім басшысы зорлағаны айтылған. Аталған дерек бойыншша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy-қа сілтеме жасап.

    Құқыққорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Лисаков қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысына қатысты жазба қалдырған. Сонымен қатар ол Қазақстан Президентінен бұл істі бақылауға алуын сұраған.

    «ҚР ҚК 120 бабы 3-1 бөлімі 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп көрсетті қалалық полиция департаменті.

    Күдікті желідегі парақшасында жасы мен отбасына қатысты жалған мәлімет көрсеткен. Полиция аталған азаматтан зардап шеккендер болса құқыққорғау органдарына хабарлауды сұрайды. Лисаков қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Нарына Кимнің айтуынша күдікті өз өтінішімен жұмыстан босатылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →