Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады •

    Головкин-Мурата жекпе-жегін әлемнің 200-ден астам елі көре алады

    9 сәуірде Жапонияда өтетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Sports.kz. Бокс кеші Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.

    Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлемчемпионының белбеуі сарапқа салынады. Отандасымыздың бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстанды қоспағанда). Сондай-ақ DAZN трансляциясы Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Гонконг, Макао, Моңғолия және Филиппин елдерінде көрсетілмейді. Ал Қазақстанда Головкин-Мурата жекпе-жегін нақты қай телеарна көрсететіні белгісіз. Дегенмен Qazaqstan телеарнасының 9 сәуірге арналған бағдарламалар кестесінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін бокс көрсетілетіні жазылған. Бұл уақыт отандасымыздың шаршы алаңға шығатын уақытымен сай келеді. Геннадий Головкиннің осы кездесу үшін 12,3 млн доллар, ал Риота Мурата 4,1 млн доллар гонорар алмақ. .

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →