Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 26 қараша 2026 $ 459,1↑€ 502,4↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ұлытауда бір үйдің үш көлігі жанып кеткен

    Ұлытауда бір үйдің үш көлігі жанып кеткен

    Фото: видеодан скрин

    Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінде белгісіз біреу жеке тұрғын үйдің ауласында тұрған үш автокөлікті өртеп жіберді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Көліктер бір ер адам мен оның екі ұлына тиесілі болған. Оқиға 15 қарашаға қараған түні сағат 02:00 шамасында болған. Болжам бойынша, қаскөй аулаға кіру үшін қоршаудан асып түскен.

    Сондай-ақ оқиғаға дейін көлік иелеріне бір адамнан қоқан-лоққы сипатындағы хабарламалар түскені айтылып жатыр. Алайда әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

    Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    «Жаңаарқа ауданында үш автокөлікті қасақана өртеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын және осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →