Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 26 қараша 2026 $ 459,1↑€ 502,4↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шымкентте қызға стакан лақтырып, тісін сындырған ер адам ұсталды

    Шымкентте қызға стакан лақтырып, тісін сындырған ер адам ұсталды

    Фото: видеодан скрин

    Шымкенттегі кофеханалардың бірінде болған жанжал соңы қыздардың бірінің жарақат алуымен аяқталды. Оқиғаға қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оқиға 25 қарашада болған. Шымкент тұрғыны Диана Болшынбаеваның айтуынша, оның екі құрбысы тамақтанып отырған кезде кофеханаға бірнеше ер адам келген. Олар қатты сөйлеп, айналасындағыларға кедергі келтірген. Қыздар оларға дауыстарын бәсеңдетуді өтінген. Алайда жағдай  ескертуге қарамастан күрделене түскен.  Кейін ер адамдар қыздармен танысуға әрекет жасаған. Қыздар ұсыныстан бас тартқан соң, жігіттер олардың ұлтын сұрап, артынша балағат сөздер айта бастаған.

    Арадағы кикілжің кезінде ер адамдардың бірі қыздарға қарай шыны стақан лақтырған. Салдарынан қыздардың бірі беті мен қолынан жарақат алып, бір тісі сынған. Кейін зардап шеккен қыз медициналық көмекке жүгінген.

    Жанжалдан кейін күдіктілер полиция келгенге дейін оқиға орнынан кетіп қалған.

    Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктінің кім екені анықталып, ол ұсталды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →