Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 26 қараша 2026 $ 459,1↑€ 502,4↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Айман Талғатқызы жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланғандарды сотқа бермек

    Айман Талғатқызы әлеуметтік желілерде өз атын, суреті мен видеосын рұқсатсыз пайдаланғандарға қатысты заңдық шара қолдануға ниетті. Ол барлық материалдарды нотариус арқылы тіркеп, құжаттарын жинап жатыр.

    Айман Талғатқызы жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланғандарды сотқа бермек

    Фото: t_a_a_d_s/instagram.com

    Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желілерде өзінің атын, суреті мен видеосын рұқсатсыз жариялаған бірнеше адамға қатысты заңдық шара қолдануға ниетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның айтуынша, бұған дейін біраз уақыт үнсіз жүрген ол енді құқықтық тұрғыда әрекет ететінін жариялады. Адвокат, сарапшы, нотариус және IP-мекенжайларды анықтайтын органдар арқылы қажетті материалдардың барлығы тіркелген. Сонымен қатар Threads, Instagram, TikTok және басқа да әлеуметтік желілердегі жарияланымдар құжатталған.

    «Адвокатым, эксперт, нотариус, IP-ді анықтайтын орган – бәрін тіркеп, Threads, Instagram, TikTok желілерінің барлығын фиксациялап алғанша үндемедім. Ал енді ұйқыларың тыныш болсын! Жанталасып комментарийлеріңді өшіріп жатырсыңдар. Ешқандай кешірім қабылдамаймын», – деді ол.

    Өнер иесінің әйелі бірнеше жалған аккаунттың скриншоттарын жариялап, олардың иелеріне ескерту жасады. Оның сөзінше, кейбір адамдар әрекеттерінің заңдық салдары болуы мүмкін екенін біле тұра, мұндай жарияланымдарды тоқтатпаған.

    «Осылар да тізімде барсыңдар. Оның үстіне, әрекеттеріңнің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін біле тұра, тоқтамадыңдар. Маған да еріншектік жат емес. Қалай өзгертсеңдер де, қайда тығылсаңдар да, енді кеш», – деп қатуланды Айман Талғатқызы.

    Ол өз атын, фотосын, видеосын және басқа да жеке материалдарын әлеуметтік желілерде рұқсатсыз пайдаланғандардың әрекетін нотариус арқылы тіркеп, тиісті құжаттарды жинап жатқанын айтты.

    Сондай-ақ TikTok-та оның атынан фан-парақша ашып, жұрттың ашу-ызасын тудыратын контент жариялап, өзін Айман Талғатқызы ретінде көрсетіп жүрген аккаунттың иесіне қатысты да заң аясында жауапкершілік мәселесі қарастырылмақ.

    «TikTok-та менің атымнан фан-парақша ашып, халықтың ашу-ызасын тудыратын контент жариялап, мен болып көрініп жүрген парақша иесіне қатысты заң аясында жауапкершілік мәселесі көтеріледі. Үндемегенімді әлсіздік деп ойламаңдар. Бықсып болған шығарсыңдар!» – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →