Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 26 қараша 2026 $ 459,1↑€ 502,4↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Египетте жанармай таситын көлік жарылып, 20-дан астам адам қаза тапты

    Египетте жанармай таситын көлік жарылып, 20-дан астам адам қаза тапты

    Фото: Х желісінен

    Египет астанасы Каирдегі жолайрықта жанармай таситын көлік жарылып, 21 адам көз жұмды. Тағы 15 адам жарақат алды. Бұл туралы Almanassa басылымы хабарлады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жарылыс пен өрт салдарынан зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілген. Құтқару жұмыстарына 39 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, мұнай өнімдерін тасымалдаған жүк көлігі Варрак ауданындағы айналма автожолда жүргізушінің басқаруынан шығып, бетон қоршауға соғылған. Осыдан кейін жарылыс болған. Жалын жолда тұрған көліктер мен жақын маңдағы ғимараттарға тараған.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →