Роза Әлқожа жаңа Toyota Land Cruiser 300 көлігін тізгіндеді
Танымал әнші Роза Әлқожа шетелдегі демалысынан оралған соң су жаңа Toyota Land Cruiser 300 көлігін тізгіндеді. Өнер иесі әлеуметтік желіде қуанышын бөлісті.
Фото: Instagram.com/roza_alqozha
Танымал әнші Роза Әлқожа шетелдегі демалысынан оралған соң су жаңа Toyota Land Cruiser 300 көлігін тізгіндеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен қуанышын бөлісті.

Әншінің айтуынша, бұған дейін көлігі жолда бұзылып қалып, көпшіліктің талқысына түскен. Кейін аяқ астынан сатып алушы табылып, бірнеше жыл мінген көлігін сатқан. Алайда үйреншікті көлігін қимай, көңілі босап қалғанын да жасырмады.
“Өткенде көлігім жолда бұзылып, біраз сөзге қалып ем. Оны да алғаныма біраз жыл болыпты. Аяқ астынан аларман келген екен, қайырлысы деп беріп жібердім. Өзім Тайландта жүріп, көлігімді қимай, біртүрлі мұңайып па қалдым”, – деп жазды әнші.
Өнер иесі жаңа көлік алғанына шүкіршілік етіп, қуанышына ортақтасқан жандарға ізгі тілегін арнады.

“Дәрежені беретін Құдай. Деңгейіне тең көрмейтін пенделер бар шығар, Тәңірге тосын сый түк емес! Көк не бұйырады, бәрін де қабылдадым! Toyota Центр Жетысу ұжымына мың алғыс! Құтты болсын деп қойыңыз, жұғысты болсын сізге де!” – деді Роза Әлқожа.
Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жаңа көлігінің құтты болуын тілеп, ақжарма лебіздерін білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Роза Әлқожа ұйымдастырушыларға ашуланғаны хабарланған еді. Оның айтуынша, Шымкентте өткен концертінен табыс түспеген және бұған ұйымдастырушылар жауапты. Әнші концертті жүргізіп, халықтың алдында өнер көрсететін – өзі, алайда пайдасын көретін – ұйымдастырушылар екенін айтып, ашуланды. Өнер иесі осындай жағдайлардан кейін концерт бергісі келмейтінін жасырмады.
