Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • ШҚО-да үш балықшы мерт болды

    ШҚО-да үш балықшы мерт болды

    Фото: pixabay.com

    Шығыс Қазақстан облысында балық аулауға шыққан үш ер адам суға батып, қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қайғылы оқиға Шемонаиха ауданына қарасты Зевакино ауылының маңында болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, үш азамат өзендегі мұздың үстіне шығып, балық ауламақ болған. Алайда мұз толық қатып үлгермегендіктен, үшеуі де суға түсіп кеткен.

    Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға кезінде 1984, 1960 және 1967 жылы туған ер адамдар қаза тапқан. Үшеуінің де денесі судан шығарылды.

    Сондай-ақ марқұмдардың ешқайсысы құтқару кеудешесін кимегені анықталды. Мамандар тұрғындарды жұқа мұз үстіне шықпауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →