Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде дәрігер жол апатынан көз жұмып, баласы өзіне қол жұмсаған • Қызылордада киікке ұқсас 58 жануардың өлексесі табылды • Мұсабаев «Соңыра» фильмінің қарқынын сынап, актерлік құрамды жоғары бағалады • Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек анасына қатысты жаңалығымен бөлісті • Қазақстанның интернеті Токиодан да жылдам ба? Министр жауап бермеді • Қайрат Нұртастың әкесі Атырауда ұлын қолдап, сахнада бірге болды • Ақтөбеде дәрігер жол апатынан көз жұмып, баласы өзіне қол жұмсаған • Қызылордада киікке ұқсас 58 жануардың өлексесі табылды • Мұсабаев «Соңыра» фильмінің қарқынын сынап, актерлік құрамды жоғары бағалады • Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек анасына қатысты жаңалығымен бөлісті • Қазақстанның интернеті Токиодан да жылдам ба? Министр жауап бермеді • Қайрат Нұртастың әкесі Атырауда ұлын қолдап, сахнада бірге болды •

    Ақтөбеде дәрігер жол апатынан көз жұмып, баласы өзіне қол жұмсаған

    Ақтөбеде дәрігер жол апатынан көз жұмып, баласы өзіне қол жұмсаған

    Фото: Жасанды интеллект

    Ақтөбе облысында Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігері Назгүл Мұратқызы Қантөренова жол апатынан қаза тапты. Сол күні оның баласы да қайтыс болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 қарашада Қандыағаш – Шалқар тасжолының Жұрын кенті маңында болған. Renault автокөлігін басқарған әйел жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан көлік аударылып, жүргізуші оқиға орнында жан тапсырған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігердің сол уақытта еңбек демалысында болғанын хабарлады.

    Мұғалжар аудандық ауруханасының ұжымы марқұмның отбасына көңіл айтып, оның кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттерін атап өтті.

    Алайда марқұм дәрігердің ұлы Расул Бақтыбайдың өлімі жол апатымен байланысты емес. Қайғылы оқиғадан кейін оның анасының қазасына байланысты өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Полиция жігіттің өліміне қатысты суицид дерегін растаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →