Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек анасына қатысты жаңалығымен бөлісті • Қазақстанның интернеті Токиодан да жылдам ба? Министр жауап бермеді • Қайрат Нұртастың әкесі Атырауда ұлын қолдап, сахнада бірге болды • 1938 жылдан бүгінге дейін: «Қазақмыс» Балқаш зауытының жаңа даму кезеңін қалыптастыруда • Блогер Ырысбала Икрамбайдың тойда ақша шашуы сынға қалды • Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханы қызметтен босатты • Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек анасына қатысты жаңалығымен бөлісті • Қазақстанның интернеті Токиодан да жылдам ба? Министр жауап бермеді • Қайрат Нұртастың әкесі Атырауда ұлын қолдап, сахнада бірге болды • 1938 жылдан бүгінге дейін: «Қазақмыс» Балқаш зауытының жаңа даму кезеңін қалыптастыруда • Блогер Ырысбала Икрамбайдың тойда ақша шашуы сынға қалды • Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханы қызметтен босатты •

    Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек анасына қатысты жаңалығымен бөлісті

    Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек анасына қатысты жаңалығымен бөлісті
    Фото: muratsaveliev / INSTAGRAM

    Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желідегі парақшасында биологиялық анасына қатысты тың мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ол бірнеше жыл бұрын туған жері – Арқалықтағы перзентханаға барған кезін еске алды.

    «Ол сапар мен үшін ерекше маңызды еді. Өзім дүниеге келген жердің дәліздерін аралап жүргенімде, қолыма биологиялық анамның мен дүниеге келген кезде қалдырған қоштасу хатын берді. Оның бар екенін осы уақытқа дейін білмеген едім. Ол хатты алғаш оқыған сәтте қандай күйде болғанымды сөзбен жеткізу қиын. Хаттағы сөздер мен кейбір мәліметтер жүрегімді қатты толқытты. Жылдар бойы түрлі сұрақтарға жауап іздеп, өмірімнің бастауын түсінуге тырысып жүрдім. Ал сол күні өмірімнің алғашқы күндерінен қалған бір естелік қолыма тиді. Оны оқып отырып, көз жасымды ұстай алмадым. Бірақ көпшілігіңіз біле бермейтін тағы бір жайт бар. Біз сол хатты жазған әйелді де іздей бастадық. Ақыры, оны таптық», – деді Жәнібек.

    Айтуынша, онымен Астанада кездескен.

    «Бұл кездесу мен үшін өте ерекше әрі жүрегіме терең әсер қалдырды. Сол кездесуден кейінгі оқиғаларды осы уақытқа дейін сіздерге айтып көрмеппін. Өйткені бұл оқиғаның жалғасы да бар, әрі оның бәрін бірден айтып жеткізу оңай емес. Енді осы оқиғаны сіздермен бөліскім келеді. Осы уақытқа дейін менің іздеу жолымда бірге үміттеніп, менімен бірге толғанып жүрген жандарға өмірімнің осы бір бөлігін де айтып бергім келеді», – деп атап өтті ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →