Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханы қызметтен босатты • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды • Келіншегін қимаған: Павлодар облысында бұрынғы әйелімен татуласқысы келген жігіт сотталып кетті • Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты • Құбыр тартудың қиындығы: Қарағанды облысында тұрғындар батбаққа батып отыр • «Жеңілістен кейінгі көз жас…»: Бибісара Асаубаеваның анасы қызының жарысын көрме алмайтынын айтты (ВИДЕО) • Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханы қызметтен босатты • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды • Келіншегін қимаған: Павлодар облысында бұрынғы әйелімен татуласқысы келген жігіт сотталып кетті • Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты • Құбыр тартудың қиындығы: Қарағанды облысында тұрғындар батбаққа батып отыр • «Жеңілістен кейінгі көз жас…»: Бибісара Асаубаеваның анасы қызының жарысын көрме алмайтынын айтты (ВИДЕО) •

    Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханы қызметтен босатты

    Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Оның өмірбаяны мен еңбек жолы туралы толық ақпарат.

    Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханы қызметтен босатты

    Фото: gov.kz

    Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Игорь Лепеха 1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы Ресей Федерациясы ІІМ Академиясын бітірген. I дәрежелі (2022) және II дәрежелі (2017) «Даңқ» орденімен, «Ерлігі үшін» (2012), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2006) медальдарымен марапатталған. Полиция генерал-лейтенанты.

    Еңбек жолы: 1986-1997 жылдары Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасында қызмет атқарды. 1997 жылдан 2009 жылға дейін Қарағанды облысының ІІД-де басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2009-2019 жылдары – ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 2019-2020 жылдары – ІІМ Штаб-департаментінің бастығы. 2020-2022 жылдары – ҚР ІІМ Аппаратының басшысы. 2022 жылдың қазан айынан – ішкі істер министрінің орынбасары.

    Еске сала кетейік, 16 қарашада Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовке құқық қорғау органдарының жұмысындағы олқылықтар үшін сөгіс жариялады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →