Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты • Құбыр тартудың қиындығы: Қарағанды облысында тұрғындар батбаққа батып отыр • «Жеңілістен кейінгі көз жас…»: Бибісара Асаубаеваның анасы қызының жарысын көрме алмайтынын айтты (ВИДЕО) • Ақерке Арыс: Мереке Қалбаеваның киносын сынағандар оны көрмеген • Маскүнемнің мисыздығы: Қызылордада 2 қызды қорғаған жігіттің өзі пышақталды (ВИДЕО) • Тоқаев: NVIDIA-мен ынтымақтастық жасанды интеллектті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады • Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты • Құбыр тартудың қиындығы: Қарағанды облысында тұрғындар батбаққа батып отыр • «Жеңілістен кейінгі көз жас…»: Бибісара Асаубаеваның анасы қызының жарысын көрме алмайтынын айтты (ВИДЕО) • Ақерке Арыс: Мереке Қалбаеваның киносын сынағандар оны көрмеген • Маскүнемнің мисыздығы: Қызылордада 2 қызды қорғаған жігіттің өзі пышақталды (ВИДЕО) • Тоқаев: NVIDIA-мен ынтымақтастық жасанды интеллектті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады •

    Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Нағаспаев Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды. Ол бұл ведомствоны 2025 жылғы ақпаннан бері басқарып келген.

    Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты

    Фото: Құрылтай отырысынан

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

    Ерсайын Нағаспаев бұл ведомствоны 2025 жылғы ақпаннан бері басқарып келген.

    Ресми өмірбаянына сәйкес, ол еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімінің аппаратында жетекші маман болып бастаған. Кейін мемлекеттік органдарда, әкімдіктерде және «ҚТЖ» ұлттық компаниясында қызмет атқарған.

    2002–2003 жылдары – Сыртқы істер министрлігі мен Инвестициялар комитетінде атташе;
    2003–2006 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде атташе, үшінші хатшы;
    2006–2007 жылдары – Көлік және коммуникация министрлігінде бөлім бастығы, департамент директорының орынбасары;
    2007–2009 жылдары – «Ақтау халықаралық теңіз сауда портында» басшының орынбасары, аппарат басшысы;
    2009 жылы – Көлік және коммуникация министрлігінде департамент директорының орынбасары, Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі;
    2009–2010 жылдары – Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары;
    2010–2011 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;
    2011–2013 жылдары – Шахтинск қаласының әкімі;
    2013–2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;
    2014–2016 жылдары – «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы;
    2016–2020 жылдары – «Новострой Астана» компаниясы директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары;
    2021–2022 жылдары – «ҚТЖ» ұлттық компаниясының қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры;
    2022–2025 жылдары – «ҚТЖ»-да жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы.

    Нағаспаев 2025 жылғы 28 ақпанда Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған. 2026 жылғы 3 қыркүйекте бұл қызметке қайта тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →