Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • Тоқаев Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық өзгерістер жасады • Ресейде 5 адамнан маймыл шешегі анықталды • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • Тоқаев Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық өзгерістер жасады • Ресейде 5 адамнан маймыл шешегі анықталды •

    Ресейде 5 адамнан маймыл шешегі анықталды

    Ресейде 5 адамнан маймыл шешегі анықталды
    Фото: Егемен Қазақстан

    16 қазанда Санкт-Петербургте ауруханаға түскен 5 науқастан маймыл шешегі расталды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    С.П.Боткин атындағы клиникалық инфекциялық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

    «Маймыл шешегі расталды. Науқастар ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты, орташа және жеңіл ауырлық дәреже», – деп хабарлады аурухана өкілі.

    Бұған дейін Санкт-Петербург пен Ленинград облысы бойынша Роспотребнадзордың өңіраралық басқармасы Санкт-Петербургте маймыл шешегі деген күдікпен бес адамның ауруханаға жатқызылғанын мәлім етті. Эпидемияға қарсы іс-шаралардың толық кешені қолға алынған. Науқастармен байланыста болған тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Айта кету керек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне байланысты мәлімдеме жасағанын жазғанбыз. Шекарадағы өткізу бекеттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →