Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • «Қазақмыс» тоғыз айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды • Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • «Қазақмыс» тоғыз айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды • Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі •

    «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды

    «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды

    Фото: Eurasianfashionweek.com

    Алматы соты әлеуметтік желіде Mini Knopka атымен танылған блогер Айгерім Бердалиеваны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Сот шешімімен оған 60 550 теңге айыппұл салынды. Бұған блогердің Threads желісінде көше атауларына қатысты жазба жариялап, оқырмандарға балағат сөздер айтуы себеп болған.

    Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік іс 8 қазанда қаралған. Сот блогердің әрекетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша саралаған.

    Даудың басталуына Бердалиеваның Threads желісіндегі жазбасы себеп болған. Ол Алматыдағы Ленин, Фурманов, Дзержинский, Мира және Комсомольская көшелерінің бұрынғы атауларын атап, олардың қазіргі атауларын қолданудан бас тартқан. Бұған наразылық білдірген оқырмандарға блогер бейәдеп сөздермен жауап берген.

    Кейін ол жарияланымы үшін кешірім сұрағанымен, әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі оның кешірімін қабылдамаған.

    Осы оқиғадан кейін Eurasian Fashion Week (EFW) ұйымы да мәлімдеме жасады. Ұйым блогермен бұдан былай жұмыс істемейтінін және оның бейнесі барлық билбордтар мен экрандардан алынғанын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →