Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті тұрақтандыру үшін төрт жыл жұмсағанын айтты (ВИДЕО) • Түркістан облысын сел басты: Қазығұрттағы ауылдар су астында қалды • «Балық қырылып болған соң ғана қимылдады ма?»: Ырғыздағы жағдайға тұрғындар алаңдап отыр • Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған халықаралық бәйгенің жеңімпаздары анықталды • IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алған • «Одан кішірейіп кетпейсің»: Әли Оқапов қайын жұртында үлкендерге қызмет көрсетті (ВИДЕО) • «Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті тұрақтандыру үшін төрт жыл жұмсағанын айтты (ВИДЕО) • Түркістан облысын сел басты: Қазығұрттағы ауылдар су астында қалды • «Балық қырылып болған соң ғана қимылдады ма?»: Ырғыздағы жағдайға тұрғындар алаңдап отыр • Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған халықаралық бәйгенің жеңімпаздары анықталды • IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алған • «Одан кішірейіп кетпейсің»: Әли Оқапов қайын жұртында үлкендерге қызмет көрсетті (ВИДЕО) •

    «Одан кішірейіп кетпейсің»: Әли Оқапов қайын жұртында үлкендерге қызмет көрсетті (ВИДЕО)

    «Одан кішірейіп кетпейсің»: Әли Оқапов қайын жұртында үлкендерге қызмет көрсетті (ВИДЕО)

    Танымал әнші Әли Оқаповтың үлкендерге көрсеткен құрметі көпшіліктің көңілінен шықты. Өнер иесінің жары Ақерке әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, күйеуіне алғысын білдірді,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Кадрларда Әли Оқаповтың әжелердің қолына су құйып, үлкендерге қызмет көрсетіп жүргені көрінеді.

    «Жап-жаңа құдамыз @gadilbek_zhanay сторисын осылай лентамда сақтап, жан жарыма үлкен алғыс білдіргім келіп тұр. Атыраудың салтын сақтап, маған қолдау көрсетіп, күйеубала рөлін керемет атқарып, үлкендердің батасын алып қайттық», – деп жазды Ақерке.

    Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне оң бағасын беріп, тәрбиесіне тәнті болғандарын жазды.

    «Бұл Роза апамыздың тәрбиесі. Дана адам. Қандай тәрбие!», «Роза апайымыздың қарапайымдылығы ғой», «Әли, молодец! Одан кішірейіп кетпейсің, алғыс аласың. Бақытты бол», «Батыста күйеубалалар осылай қолға су құяды», «Үлгі ғой», – деп пікір білдірді көпшілік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →