Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді

    Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасында Молдовадан 1:2 есебімен жеңілісіне қатысты сыни пікір білдіріп, әлеуметтік желіде қызу талқы тудырды.

    Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді

    Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ұлттық құраманың УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдова құрамасынан өз алаңында 1:2 есебімен ұтылып қалуына қатысты өз ойын ортаға салды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Спортшы қазақстандық футболдың бүгінгі ахуалын сынға алып, эмоциялық пікір білдірді.

    «У нас че футбол до сих пор существует что ли… 10 лет назад вам же сказали закрыть футбол» (Бізде футбол әлі күнге дейін бар ма екен… 10 жыл бұрын сіздерге футболды жабу керектігін айтқан жоқ па еді), – деді Қуат Хамитов.

    Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қолданушылар мен жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырып, қызу талқыға түсуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →