Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 26 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • XX жазғы Азия ойындары: жетісайыс жеңімпаздары анықталды

    XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы жетісайыс қорытындысы бойынша Юри Танака жеңімпаз атанды, Алина Чистякова үшінші орында.

    XX жазғы Азия ойындары: жетісайыс жеңімпаздары анықталды

    Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

    XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы жетісайыс бойынша жеңімпаздар белгілі болды. Қатысушылар үш күнге созылған сайыста кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ядро итеру, 200 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру және 800 метрге жүгіру сынақтарының қорытындысы бойынша бақ сынады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жарыс нәтижесі төмендегідей:

    Юри Танака (Жапония) — 5920 ұпай
    Нанака Каджики (Жапония) — 5673 ұпай
    Алина Чистякова (Қазақстан) — 5568 ұпай

    Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 2006 жылы Дохадағы Азиадада топ жарған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →