Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қамыс басқан қала: Көкшетауда уәде етілген жұмыс орындалмады Мүгедектігі бар адамдарға қанша жәрдемақы төленеді? 6 жылда өзгермеген жол: Орал тұрғындары батпақ кешіп жүр Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде «панда-облигация» орналастырып, рекорд орнатты «Қызымды қайтар!»: барни үшін қаза тапқан Мадинаның анасы ағыл-тегіл жылады (ВИДЕО) Шалқардағы шатақ: Ақтөбеде жас жігіт оқушының жүрегіне пышақ сұғып өлтіріп, тағы екі бозбаланы соққыға жыққан (ВИДЕО) Қамыс басқан қала: Көкшетауда уәде етілген жұмыс орындалмады Мүгедектігі бар адамдарға қанша жәрдемақы төленеді? 6 жылда өзгермеген жол: Орал тұрғындары батпақ кешіп жүр Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде «панда-облигация» орналастырып, рекорд орнатты «Қызымды қайтар!»: барни үшін қаза тапқан Мадинаның анасы ағыл-тегіл жылады (ВИДЕО) Шалқардағы шатақ: Ақтөбеде жас жігіт оқушының жүрегіне пышақ сұғып өлтіріп, тағы екі бозбаланы соққыға жыққан (ВИДЕО)

    Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттап, ұлттық құраманың 74 медалін атап өтті.

    Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

    Фото: Ақорда

    Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жеткен спортшылар мен бапкерлерді құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президент олардың жарқын жеңістерімен құттықтап, Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін дүние жүзіне паш еткенін атап өтті.

    – Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады деп айтсақ, әділеттікке сай сөз болады. Мен Президент ретінде баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге тұтас халқымыз жанкүйер, тілекші болды, – деді Президент.

    Мемлекет басшысы ұлттық құраманың жалпы есепте бірінші орынға шыққанын ел мерейін өсірген елеулі жетістікке балады.

    – Сайыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз 74 медаль еншіледі. Оның 32-сі – алтын жүлде. Осы тамаша жеңіс қазақтың рухы биік, жігері мықты, нағыз жеңімпаз ұлт екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті. Жалпы, спорттың басты миссиясының бірі – өзара құрмет пен сыйластықты дәріптеу, халықтар достығын нығайту. Бұл дүбірлі дода жоғары деңгейде өтті. Сайыс нәтижелері әділ болды. Осыған орай, Қырғыз елінің Президентіне ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →