Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    «Хиджабын шешкені дұрыс болды»: Айдана Меденова ұлттық образымен елді сүйсіндірді (ВИДЕО)

    «Хиджабын шешкені дұрыс болды»: Айдана Меденова ұлттық образымен елді сүйсіндірді (ВИДЕО)
    Танымал әнші Айдана Меденова ұлттық нақыштағы образымен көпшіліктің ықыласына бөленді. Өнер иесінің қазақы киіммен ән орындаған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Желіде тараған кадрларда әнші қызыл түсті ұлттық киім киіп, басына дәстүрлі әшекейлі бас киім таққан. Сондай-ақ қолына қазақтың ұлттық музыкалық аспабын ұстап, ән орындаған.

    Желі қолданушылары Айдана Меденованың жаңа бейнесіне ерекше назар аударып, жылы лебіздерін білдірген. Кейбір оқырмандар әншінің бұған дейінгі хиджабтағы образына қатысты да пікір қалдырды.

    «Міне, қандай жарасымды, өзіміздің ұлттық киім. Хиджабын шешкені дұрыс болды», «Өте әдемі қыз, ұлттық киім керемет жарасып тұр. Даусы да тамаша», «Қандай керемет дауыс! Нағыз қазақтың қызының киім үлгісі», «Жарайсың, Айдана, керемет орындау», – деп жазды желі қолданушылары.

    Айта кетейік, Айдана Меденова бұған дейін де сыртқы образы мен киім үлгісіне байланысты көпшіліктің назарын аударып жүрген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →