Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты

    «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтып, партия бағдарламасын жүзеге асыруға басымдық беретінін мәлімдеді.

    «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты

    Сурет: turkystan.kz

    «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасап, оларға сенім білдіргені үшін ризашылығын білдірді. Ол партияның халық алдындағы жауапкершілігін атап өтіп, алдағы уақытта партия бағдарламасын жүзеге асыруға басымдық берілетінін жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    «Сайлауалды науқан кезінде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестік. Әр кездесуде халықтың мұң-мұқтажын, ойы мен ұсынысын өз аузынан естідік. Айтылған әр пікір біз үшін маңызды, олардың барлығы алдағы жұмысымызда ескеріледі. Бұл сайлау ашық, әділ әрі айқын өтті. Саяси партиялар арасында шынайы бәсекелестік болды. Сіздердің сенімдеріңіз біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз халықтың үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етеміз. Бізге сеніп, «Әділет» партиясын қолдаған әр азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз!», – деді Айбек Дәдебай.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →