Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды облысында конфессияаралық келісім қалай нығая түсуде • Қарағандыда 19 күндік нәрестеге жүрек отасы жасалды • Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Қарағанды облысында конфессияаралық келісім қалай нығая түсуде • Қарағандыда 19 күндік нәрестеге жүрек отасы жасалды • Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды •

    «Оның өз отбасы, балалары бар»: Блогер ажырасуы туралы тағы пікір білдірді

    «Оның өз отбасы, балалары бар»: Блогер ажырасуы туралы тағы пікір білдірді

    Актриса әрі блогер Айым Сейтметова бұрынғы күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуына қатысты тараған қауесеттерге нүкте қойып, жағдайды түсіндірді,деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. 

    Желі қолданушылары арасында Отбасының бұзылуына Талғаттың бұрынғы жубайы себеп болды деген сыбыстар желдей ескен еді. Алайда Айым бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ашық айтып, бұрынғы күйеуінің бірінші отбасын бұл мәселеге араластырмауды өтінді.

    «Адамдар, сабыр сақтаңыздаршы. Бұл не қылған жала? Біз Талғаттың бұрынғы әйелімен өте жақсы қарым-қатынастамыз, оның өз отбасы, күйеуі және балалары бар. Ажырасуымызға еш қатысы жоқ адамдарды бұл іске қыстырмаңыздаршы. Соншалықты сенімді сөйлейді екенсіздер, бұл – сұмдық. Мұндай қауесет таратқанша, өз өмірлеріңізбен айналысыңыздаршы», – деп жазды Айым.

    Актрисаның айтуынша, ажырасуға үшінші тараптың немесе бұрынғы қарым-қатынастардың ешқандай қатысы жоқ, ал тараптар арасындағы сыйластық әлі де сақталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →