Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «32 жыл бірге тұрдық»: Белгілі әзілкештің әйелі жан сырын ақтарды

    «32 жыл бірге тұрдық»: Белгілі әзілкештің әйелі жан сырын ақтарды

    Фото: guzelya1974 парақшасынан

    Белгілі әзілкеш Асылбек Боранбаевтың өмірлік жары ерекше жазба жариялады.

    Ол отбасы болғандарына 32 жыл толғанын жазып, жүріп өткен жолдарын еске алды.

    «32 жыл – бір шаңырақ астындағы бақытты ғұмыр.

    Бүгін отбасы құрғанымызға 32 жыл толды. Осы жылдар ішінде қуанышымыз да, сынағымыз да бірге өтті. Бір-бірімізге тірек болып, сыйластық пен сенімді сақтап, берекелі шаңырағымызды бірге көтердік.

    Аллаға сансыз шүкір, осындай ғұмыр сыйлағанына. Отбасымызға амандық, денсаулық, береке-бірлік, балаларымыз бен немерелеріміздің қызығын бірге көруді нәсіп етсін.

    32 жыл – жай ғана сан емес, ол – махаббаттың, төзімнің, сыйластықтың және шынайы бақыттың белгісі. Осындай бақытты сәттеріміз көп болсын!», деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →