Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Бокстан бірнеше елдің ерлер құрамасы Түркістанда жаттығып жатыр

    Бокстан бірнеше елдің ерлер құрамасы Түркістанда жаттығып жатыр

    Фото: Pixabay

    Түркістан облысындағы Алматау спорт базасы алаңында бес елдің ерлер құрамалары бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Сонымен, ауқымды жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия және Германия боксшылары қатысуда. Оқу-жаттығу барысында спортшылар күнделікті жалпы дене дайындығын жетілдіріп, бокс техникасын шыңдауға басымдық беруде. Оған қоса тәжірибе алмасу мақсатында спаррингтік кездесулер ұйымдастырылған.

    Жиынға әлем және Азия чемпиондары, Олимпиада жүлдегерлері сынды көптеген тәжірибелі боксшылар жиналған. Бұл дайындық кезеңі әсіресе Азия чемпионатына қатысатын командалар үшін маңызды.

    Қазақстан құрамасы бас жаттықтырушы Нұржан Насанов жетекшілігімен алдағы жарысқа тыңғылықты дайындалып жатыр. Халықаралық деңгейдегі бұл жиын отандық боксшыларға өз шеберлігін арттырып, мықты қарсыластармен тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

    Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты 28 наурыз бен 11 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтеді. Аталған біріншілік алдында сол жерде тағы бір бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →