«Үлкен жауапкершілік»: Ақерке Бүркітбай Роза Рымбаеваға келін болу оңай емес екенін айтты

Фото: видеодан скрин

Танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай Revue бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Ол Роза хайнымның қандай ене екенін айтты.

«Мен де мама туралы ауыз толтырып айта аламын. Ол кісі себебі қанша өмірлік, сахналық тәжірбие көрген. Менің барлық жағынан алатыным бар. Өмірлік жағынан да, әнші ретінде де. Күнделікті біздің үйдегі сөйлесуіміздің барлығы мен үшін сабақ. Дегенмен соңғы сұхбатында мамамның айтқан сөздері одан да үлкен жауапкершілік артады. Соған сай болуға тырысамын», — деді ол.

Желі қолданушылары Ақеркенің ақылдылығы мен тәрбиесіне тәнті болды.

«Екінші келіні де адалынан болсын», «Қазақы тәрбиелі, иманжүзді қызға үйленген Әли», «Розадай енесі бар сен бақыттысың», «Ақерке, жарайсың! Келіндерге үлгісің. Алла тіл көзден сақтасын», «Әли жар таңдаудан жаңылыспапты», — деп жазды оқырмандар

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика