Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Астана тұрғынын аңдып, рұқсатсыз видеоға түсірген сталкер сотталып тынды

    Астана тұрғынын аңдып, рұқсатсыз видеоға түсірген сталкер сотталып тынды

    Фото: Pixabay

    Астанада қорғау нұсқамасын елемей, бойжеткенді алты ай бойы аңдыған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Мәліметке сәйкес, қала тұрғыны жәбірленушінің онымен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, оны алты ай бойы жүйелі түрде қудалаған.

    “Байланысты тоқтату туралы талаптарды, мессенджерлердегі бұғаттауды, сондай-ақ қолданыстағы қорғау нұсқамасын елемей, ер адам жәбірленушінің тұрғылықты және жұмыс орны бойынша аңдып, оның келісімінсіз бейнежазбаға түсіру арқылы психологиялық қысым көрсеткен”, – делінген Астана прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін толық әрі жан-жақты айғақтарды ұсынған.

    Нәтижесінде сот үкімімен ол сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды әрі моральдық зиянды өтеу міндеттелді.

    Сонымен қатар тұлғаның бұған дейін бостандығын шектеу жазасын өтеп, оның шарттарын бұзғаны ескеріліп, өтелмеген жаза бөлігі нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

    Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Прокуратура заңсыз қудалау үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →