Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Журналистердің әлеуметтік желідегі парақшаларын мемлекет бұғаттап жатыр ма? Министр жауап берді • Онлайн-кинотеатрлар Қазақстанда заңды өкілін айқындауға міндеттелуі мүмкін • Ирак 12 жылдық үзілістен кейін Түркияға құбыр арқылы мұнай жөнелтті • Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сынға жауап берді: «Тоқал да, көңілдес те болған емеспін» • Қарағанды облысының тұрғыны қарызын өтемегені үшін 4 жылға сотталып кетті • «Музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпесін айтты • Журналистердің әлеуметтік желідегі парақшаларын мемлекет бұғаттап жатыр ма? Министр жауап берді • Онлайн-кинотеатрлар Қазақстанда заңды өкілін айқындауға міндеттелуі мүмкін • Ирак 12 жылдық үзілістен кейін Түркияға құбыр арқылы мұнай жөнелтті • Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сынға жауап берді: «Тоқал да, көңілдес те болған емеспін» • Қарағанды облысының тұрғыны қарызын өтемегені үшін 4 жылға сотталып кетті • «Музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпесін айтты •

    Apple алдағы жылы «бүктелетін» iPhone шығарады

    Apple алдағы жылы «бүктелетін» iPhone шығарады

    Фото: mediatrend.mediamarkt.com.tr
    Apple компаниясы квадрат пішінді «бүктелетін» iPhone шығару жоспарын қарастыруда. Бұл туралы Bloomberg-тің журналисті Марк Гурман жазды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    урманның Power On бюллетенінде айтылатыны бойынша, жаңа гаджет әлі тек талқылау сатысында тұр және өндірісі нақты бекітілген жоқ. Дегенмен, компания алғашқы «бүктелетін» iPhone сәтті шықса, бұл осы санаттағы құрылғыларға сұранысты арттырып, басқа өлшемдер мен форм-фактордағы модельдерді дамытуға жол ашуы мүмкін деп үміттенеді.

    Бұған дейін Apple бірнеше «бүктелетін» прототип жасап көргенімен, алғашқы модель ретінде планшет тәрізді құрылғы таңдалған. Енді бұл идея қайта қаралып жатыр. Айта кетсек, алғашқы «бүктелетін» iPhone-ның релизі 2026 жылдың күзінде жоспарланған. Күтілгеніндей, сыртқы дисплейі – 5,5 дюйм, ал ішкі дисплейі – 7,8 дюйм болады.

    Сондай-ақ Гурман Apple «кітап тәрізді» құрылғы нұсқасын да қарастырып жатқанын айтты. Бұған қоса, өткен жылы 18 дюймдік «бүктелетін» iPad шығарылуы мүмкін екендігі хабарланған, оның бағасы шамамен $3000 болуы ықтимал.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →