Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Роза Әлқожаның соңғы видеолары қызу талқыланып жатыр. Көпшілік әншінің сырт келбетінде өзгеріс байқалғанын айтып, оның жағдайына алаңдаушылық білдіруде. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.
Желі қолданушылары өнер иесінің шашы сиреп, өңі солғын тартқанын атап өтіп, «шаршаңқы көрінеді», «денсаулығы дұрыс па екен?» деген пікірлер қалдырған. Кейбір оқырмандар әншіге демалып, өзіне көбірек көңіл бөлуге кеңес беруде.
Сонымен қатар желіде қолдау білдіргендер де аз емес.
«Жас келген соң бәріміз өзгере бастаймыз, әрине жасармаймыз, бірақ әлі де әдемі», «Розаның ән салуы мен өзіне тән сүйкімділігі халықты әрдайым баурап келеді. Денсаулығы мықты болсын, шаңырағында бақыт пен береке орнасын, жан-жақты аман болсын», – деп жазды көпшілік.
