Фото: видеодан скрин
20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілері мен жолаушыларының арасында жанжал туындап, оқиға соңы қанды қақтығысқа ұласқан. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алып, олардың біреуі алған жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлайды.
Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Полиция департаменті күдіктілердің жүрген жерін анықтап, оларды ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға құқық қорғау органдарының барлық қажетті күші мен техникасы жұмылдырылған.
Айта кетейік, бұған дейін де Шымкент қаласында көшедегі жаппай төбелес адам өлімімен аяқталғаны хабарланған еді.
