Саясаттанушы Ғазиз Әбішев жаңа Конституция қабылданған жағдайда, оның өзін-өзі институционалдық қол сұғушылықтан қорғайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Оның пікірінше, Ата заңға кез келген түзету тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғана енгізіледі.
Конституция негізінде жұмыс істейтін Парламенттің өзі бұл құжатты өзгерте алмайды, өйткені Ата заң оған тыйым салады.
«Басқаша айтқанда, Конституцияға темір сауыт кигізіледі. Құқықтық тұрғыдан оны тек плебисцит (референдум) қана бұзып өте алады», – деді сарапшы.
Фото ZTB
