Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Гонконгта өткен ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанып, отандық теннис тарихында жаңа белесті бағындырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Турнирдің ақтық сынында Бублик италиялық теннисші Лоренцо Музеттимен кортқа шықты. Ол қарсыласын екі сетте де тізе бүктіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бұл жеңіс қазақстандық спортшыға Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингінде әлемнің үздік ондығына кіруге мүмкіндік берді.
Осылайша, Александр Бублик ерлер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің топ-10 теннисшісі қатарына қосылған алғашқы қазақстандық атанды.
Фото: Әлеуметтік желіден
