Көктем келмей жатып Теміртауды су басты

Фото: видеодан скрин Теміртау қаласында көктем жетпей жатып көшені су басты. Мүссалимов көшесі, 4-үйдің маңында еріген қар суы жолды түгел басып, тұрғындардың жүріп-тұруын қиындатқан. Таңғы сағат 9 шамасында түсірілген видеода арнайы су ағатын арна болмағандықтан, судың жол бойымен өздігінен жайылып жатқанын көруге болады. Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай жыл сайын қайталанады. Соған қарамастан жауапты мекемелер мәселені…

Толық оқу

Жаңа рекорд: 48 жастағы ана 13-ші баласын дүниеге әкелді

2 наурыз күні Теміртау қаласының тұрғыны Лариса Кузнецова облыстық клиникалық аурухананың №1 перинаталдық орталығында 13-ші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Дәрігерлердің мәліметінше, ұл бала 3650 грамм салмақпен, бойы 54 сантиметр болып туған. Босану табиғи жолмен өтті және сәтті аяқталды, – делінген аурухананың Facebook парақшасында жарияланған хабарламада. Сәбиге Эмин есімі берілген. Ол – 48 жастағы көпбалалы ана Лариса Кузнецованың тоғызыншы…

Толық оқу

Теміртау тұрғындары қақаған аязда сағаттап автобус күтуге мәжбүр

Фото: видеодан скрин Теміртау қаласының 9-шағынауданында тұрғындар қоғамдық көліктің кешігуіне наразылық білдірді. Бүгін таңғы сағат 8:00 шамасында аялдамада жиналған жолаушылар автобусты ұзақ күтуге мәжбүр болған. Тұрғындардың айтуынша, егер алғашқы рейске үлгермесең, келесі автобус кемінде 20–30 минуттан кейін ғана келеді. Соның салдарынан адамдар жұмысқа кешігеді, ал қыстың күні далада тоңып тұруға тура келеді. Әлеуметтік желіде тараған видеода…

Толық оқу

Теміртауда краннан қара су ақты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласында ауызсу сапасына қатысты шағым айтты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қаладағы Луначарский көшесінде краннан қою қара түсті судың аққаны анық көрінеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Кадрларда судың түсі лайланып қана қоймай, мұнайға ұқсас қою сұйықтық күйінде ағып жатқанын байқауға болады. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші…

Толық оқу
Яндекс.Метрика