«Гранд-Слэм» турнирі: Қазақ дзюдошылары жүлдесіз қалды

Фото: IJF Дзюдодан жылдың екінші “Гранд-Слэм” турниріне қазақстандық дзюдошылар жаппай жеңіліп, жарысты жүлдесіз аяқтады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Ел атынан барлығы 14 дзюдошы барған еді. Олардың қатарында Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбай, Мәди Амангелді сынды тәжірибелі балуандар болды. Алайда ешқайсысы жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Айтулы додоның соңғы жарыс күнінде қола жүлдеге таласуға аса ауыр салмақта…

Толық оқу

Қысқы Олимпиада қатысушылары медальдардың сапасына шағымданды

Фото: Getty Images Милан мен Кортинада өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары бірнеше спортшы медальдарының сынып қалғанын айтқаннан кейін олимпиадалық медальдардың сыну себептеріне “ерекше назар” аударып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. АҚШ-тың екі алтын жүлдегері – Бризи Джонсон мен Алиса Лю жүлдені алғаннан кейін көп ұзамай медальдің лентасы үзіліп, ажырап қалғанын…

Толық оқу

«Әкем мен анама арнадым»: Бағжан Октябрь марапат алғанын сүйіншіледі

Фото: стористен скрин Танымал музыкант Бағжан Октябрь биылғы “Дарын” сыйлығының иегері атанды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Өнер иесі қуанышты хабарды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. “Бұл марапатты мені дарынды етіп оқытқан, кішкентайымнан виолончелімді көтеріп келген анашыма және балам оқысын деп еңбек еткен әкеме арнаймын. Құттықтауларыңызға рақмет!”, – деп атап өтті Б. Октябрь. Желі қолданушылары,…

Толық оқу

Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді

Фото: Ақорда Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқығын және еркіндігін қорғауға, конституционализм идеяларын, сондай-ақ қағидаттарын қалыптастыруға әрі дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғалар наградталады. Сонымен қатар мерейтойлық медаль жұмысшы мамандарға, бюджет…

Толық оқу

Азия чемпионатында қазақ балуандары екі алтын медаль еншіледі

Фото: olympic.kz 9-10 шілде аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) жастар арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы Olympic.kz спорттық порталына сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы төрт жүлде жеңіп алды. Оның ішінде екі балуан алтыннан алқа тақты. 87 келі салмақта белдескен Темірлан Тұрдақын барлық қарсыласын жеңіп, чемпион атанса, 82 келі…

Толық оқу
Яндекс.Метрика