Мұнай бағасы барреліне 84 долларға дейін өсті

Фото: Pixabay

Мұнайдың әлемдік бағасы өсуін жалғастыруда. 5 наурыздағы сауда-саттық мәліметтері бойынша, халықаралық Brent маркалы мұнайдың құны барреліне $83,08 құрады, ал АҚШ-тың WTI маркасы – $76,67 болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Сонымен қатар, сауда-саттық барысында Brent бағасы 84 доллардан жоғары көтерілді, бұл алдыңғы күннің деңгейінен 3%-дан астам жоғары.

Нарық қатысушылары әлемдік энергетикада маңызды рөл атқаратын аймақтан мұнай жеткізуде іркілістер болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика