Еліміздің Негізгі заңын жаңартуға бағытталған Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы бүгін Астанада жұмысын бастады. Үш күн бұрын Президент жарлығымен құрылған комиссияның бұл жиыны ашық форматта өтеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Комиссия жұмысына Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Оның құрамына сондай-ақ мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева кірді.
Бүгінгі кездесу Қазақстанның мемлекеттік құрылымына енгізілетін болашақ өзгерістердің негізгі бағытын айқындамақ. Алғашқы отырыстың тікелей трансляциясы сағат 14:00-де басталады.
Жиынды «Jibek Joly» және «24.kz» телеарналарынан, сондай-ақ Конституциялық сот пен «Конституциялық реформа-2026» жобасының Telegram және Facebook желілеріндегі ресми парақшаларынан тамашалауға болады.
Фото: Әлеуметтік желіден
