Атыраудағы жоғалған отбасы: Шетел асқан күдіктінің ұсталған видеосы жарияланды

Фото: видеодан скрин Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған…

Толық оқу

Танымал курорттар су астында: Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алапат тасқын

Фото: The Guardian Оңтүстік-Шығыс Азия елдері табиғи апаттың құрсауында қалды. Соңғы мәліметтер бойынша, алапат тасқын мен сел жүру салдарынан қаза тапқандар саны 500-ден асып жығылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы қайғылы жағдайға байланысты шұғыл үн қатты. Бұл апта Индонезия, Таиланд және Малайзия үшін нағыз сынаққа айналды. Толассыз жауған муссон жаңбырларының соңы ірі гуманитарлық апатқа ұласты. The…

Толық оқу

Индонезияда қатты жер сілкінісі орын алды

Жер сілкінісі Соронг қаласынан оңтүстікке қарай 295 шақырым жерде тіркелді, деп хабарлайды Qazaq.today. Апаттың ошағы 34 шақырым тереңдікте орын алды. Қазіргі уақытта жер сілкінісінен ешқандай құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Бұған қоса, кеше Жапонияның Нагано префектурасында 5 балдық жер сілкінісі орын алғанын еске сала кетейік. Бұл жер сілкінісі салдарынан цунами қаупі туындамағаны хабарланды.

Толық оқу
Яндекс.Метрика