Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Халық қаһарманы өмірден өтті

    Халық қаһарманы өмірден өтті

    Фото: БҚО әкімдігі

    Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Халық қаһарманы, соғыс және еңбек ардагері Иван Гапич 104 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Иван Степанович 1923 жылы Ақмола облысында дүниеге келіп, Алматыда білім алды.

    Майдан даласында Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге атсалысты. Мәскеуде өткен әйгілі Жеңіс шеруіне қатысты.

    Соғыстан кейінгі жылдары прокуратура органдарында еселі еңбек етті. Оның ерлікпен, еңбекпен өрілген өмір жолы – қайсар рух пен отансүйгіштіктің озық үлгісі.

    – Ағамызға амандаса барғанда, үнемі ақ батасын беріп, елдің амандығын, жердің тұтастығын тілеп отырушы еді. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге де ерекше үлес қосты.

    Гапичтер әулетіне, жалпы өңір тұрғындарына қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. Марқұмның ерлігі мен жарқын бейнесі ел жадында сақталады, – деп жазды өңір басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →