Бокстан бірнеше елдің ерлер құрамасы Түркістанда жаттығып жатыр
Фото: Pixabay Түркістан облысындағы Алматау спорт базасы алаңында бес елдің ерлер құрамалары бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Сонымен, ауқымды жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия және Германия боксшылары қатысуда. Оқу-жаттығу барысында спортшылар күнделікті жалпы дене дайындығын жетілдіріп, бокс техникасын шыңдауға басымдық беруде. Оған қоса тәжірибе алмасу мақсатында спаррингтік кездесулер ұйымдастырылған. Жиынға…
